Русский Сайттың толық нұсқасы

Түнде жаңбыр жауады

  • AstanaTV
  • 20 сәуір 2024
  • 321

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады

«Республикамыздың басым бөлігі ауқымды антициклон әсерінде болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек түнде Қазақстанның шығысында аздаған жауын-шашын күтіледі, күндіз елдің батысында аздаған жаңбыр жауады, республиканың оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының таулы аудандарында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын сақталады, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай болады», - деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Қазақстан бойынша желдің күшейюі күтіледі, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл, оңтүстігінде – дауыл, солтүстігінде, шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.