Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавл тұрғыны жалған хабар таратқаны үшін жауапқа тартылды

  • AstanaTV
  • 20 сәуір 2024
  • 855

WhatsApр чаттарда 27 жасар азаматтың мектеп мұғалімдері гуманитарлық көмекті ұрлауда деген дауыстық хабарламасы тараған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мектеп директорының полицияға шағымынан соң тексеру жүргізіліп, ақпараттың жалған екендігі анықталды. Кінәлі тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 10 АЕК - 36 920 теңге айыппұл салынды.

Тәртіп сақшылары жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.