Русский Сайттың толық нұсқасы

Батыс Қазақстанға өңірлерден қосымша күш жіберілді

  • AstanaTV
  • 22 сәуір 2024
  • 441

Батыс Қазақстан облысына көмекке қосымша күш жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне таратқан мәліметке сүйенсек, қазіргі уақытта су тасқынына қарсы шараларды жүргізу мақсатында Батыс Қазақстан облысына Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Алматы, Маңғыстау қалалары мен Абай облысынан қосымша күштер мен құралдар келді.

Сондай-ақ Орал қаласы Мясокомбинат шағын ауданында ТЖМ 28237 әскери бөлімінің құтқарушылары қапшықтарды толтыру және бөгетті нығайту жұмыстарын жүргізіліп жатыр.

Сонымен қоса, Самал шағын ауданында Маңғыстау облысы ТЖД жиынтық тобы бөгетті нығайту мақсатында қаптарды жағалау қоршауын инертті материалдармен толтыру және төсеу бойынша жұмыстарды жалғастыруда.