Русский Сайттың толық нұсқасы

«AMANAT» партиясының мүшелері экологиялық акцияға үлес қосты

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық және қалалық филиалы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына өз үлестерін қосты. Филиал қызметкерлері қаладағы «Еңбек аллеясын» қоқыстан тазалап, ағаштарды әктеп шықты. Науқанға 40-қа жуық адам қатысты. Олар бұл акция партияның сайлауалды бағдарламасымен үндес екенін айтуда. 

Алтынбек ЖАРЫЛҚАСЫНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Тазалық акциясы біздің партияның да ұстанымымен, сайлауалды бағдарламасымен, тұғырнамасымен сәйкес келеді. Өйткені біздің партияның да «TazaLike» деген арнайы экологиялық тазалықты насихаттайтын акциясы бар. Бұл тұрғыдан біздің партияластарымыз өздерінің мол үлестерін қосуда.