Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда тасқыннан зардап шеккен ауылда жаңа үйдің құрылысы басталды

  • AstanaTV
  • 22 сәуір 2024
  • 655

Павлодарда тасқыннан зардап шеккен Жалаулы ауылында жаңа үйдің құрылысы басталды. Апат салдарынан елдімекенде 14 үйді су басқан. Оның бесеуі тұруға жарамсыз болып қалды. Баспанасыз қалған тұрғындарға жаңа үй салынады. Сол баспаналардың бесеуінің іргетасы бір уақытта қаланды. Үй демеушілік қаражат есебінен бой көтереді. Ал апаттан зардап шеккен өзге үйлерге күрделі жөндеу жүргізіледі. Қажетті материалдық көмектің бәрі тұрғындарға төленді. Жалаулыда ұзын саны 70-тен астам үй бар. Мыңнан астам халық тұрады. 

Мархабат СМАТАЕВ, ЖАЛАУЛЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Бір жаманың артында бір жақсы тұр деп. Тәубе деп жатырмыз. Рахмет барлықтарына бүкіл ел болып, көмек жасап жатыр бізге. Тамағында әкелді. Киімінде әкелді. Міне, үйде салып жатыр бізге.
Айдархан ШАРАПИДЕНОВ, ҚҰРЫЛЫС УЧАСКЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ:

5 үй салып жатырмыз. Жобасы 3 айдың ішінде бітіреміз - деп тырысамыз енді. Ішінде подключ бәрі болады. Душ, ванна, су отопление бәрі бәрі қаладағы сияқты болады бәрі.