Русский Сайттың толық нұсқасы

Солтүстік Қазақстандағы Сергеев су қоймасында су деңгейі түсе бастады

Солтүстік Қазақстандағы Сергеев су қоймасында су деңгейі түсе бастады. Қауіп сейілді, дейді сала мамандары. Қазір аймақта тасқынға қарсы жұмыстарға төрт мыңнан астам адам жұмылдырылған. Жасанды бөгеттердің бер жағында қалған суды сорып алу үшін 100-ден астам мотопомпа әзірленген. Ол секундына 500 литр су өткізуге қауқарлы. 

 Евгений ЖУРАВЛЕВ, СҚО ТЖД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Қазір облыс бойынша 196 үй судан босап, 3419 баспана әлі суда тұр. Бұл көрсеткіш енді өспейді. Бүгінде 700 адам үйлеріне оралды. Ал эвакуацияланғандар саны 13 мыңнан асады. Петропавлда тасқынның екінші толқыны сәуірдің аяғында шарықтау шегіне жетеді.