Русский Сайттың толық нұсқасы

«Заңға енгізілген жаңа ережелер стратегиялық бағдарымызды айқындайды»,- сарапшы

"Заңға енгізілген жаңа ережелер стратегиялық бағдарымызды айқындайды". Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған әйелдер мен балалардың құқығын қорғайтын құжатқа қатысты сарапшылар осылай пікір білдір. Өткен аптада Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Астана қаласы бойынша өкілі Баян Жалмағанбетова жаңа нормалар тұрмыстық зорлық – зомбылықтың азаюына септігін тигізеді деп сенеді. «Заңға енгізілген бірқатар түзетулердің арқасында отбасы институты нығая түседі»,- дейді. Айта кету керек, былтыр Астанада тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қайталануын болдырмау мақсатында сотта 7000-ға жуық әкімшілік іс қаралды. 

 Баян ЖАЛМАҒАНБЕТОВА, ҚР АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ӨКІЛІ:

Ел арасында әртүрлі қауесеттер таралуда. Мысалы, Заң балаларды тартып алуға ықпал етуі мүмкін деген пікір таза жалған ақпарат болып табылады. Сондықтан аталған мәселе бойынша кез келген балама пайымдаулар негізсіз. Қазақстан тек дәстүрлі ұлттық отбасылық құндылықтар мен отбасы институтын сақтауға қолдау көрсетеді.