Русский Сайттың толық нұсқасы

Әкімшілік кодекс Масс-медиа туралы заңмен сәйкестендіріледі

  • AstanaTV
  • 22 сәуір 2024
  • 388

Мәжіліс Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекске масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер енгізетін ілеспе заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Құжатты таныстырған Мәдениет және Ақпарат министрі Аида Балаева Масс-медиа туралы жаңа заң Әкімшілік кодекстің екі бабына өзгерту енгізуді талап ететінін мәлім етті.

«Оның негізгі мақсаты – Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің талаптарын жаңадан қабылданатын Масс-медиа туралы жаңа заңға сәйкестендіру.
Атап айтсақ, кодекстің 451 және 452-баптарын бір бапқа біріктіруді көздейді», - деді министр.

Нақтырақ айтсақ, кодекстің қазіргі қолданысында бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасын бұзу жеке баппен, телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасын бұзу мәселесі бөлек баппен реттеледі. 452-бапта «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңды бұзу мәселесі көрініс тапқан. Аталмыш заңның күші жойылатындықтан, 451-баппен біріктіріліп отыр.

Депутаттар аталған ұсынысты бірінші оқылымда мақұлдау туралы шешім қабылдады.