Русский Сайттың толық нұсқасы

Атыраудың Индер ауданында 7 мыңға жуық мал қауіпсіз аумаққа шығарылды

  • AstanaTV
  • 22 сәуір 2024
  • 561

Атырау облысының Индер ауданында 7 мыңға жуық мал қауіпсіз аумаққа шығарылды.

Атырау облысының жедел штабынан мәлім еткендей, Индер ауданында су тасқынына байланысты арнайы карта әзірленген.

Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Абай Әбдіровтың дерегіне сүйенсек, жеке иеліктегі төрт түлікті қауіпсіз аумаққа көшіру жұмыстары жалғасып жатыр.

«Жеке иеліктегі малды көшіру жұмыстарын Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі мен ауылдық округтер әкімдігінің мамандары үйлестіріп отыр. Малды көшіру үшін қауіпсіз аумақтардың координаты белгіленді. Осы кезге дейін арнайы белгіленген қауіпсіз орындарға 5 мыңнан астам қой-ешкі, 1 мың 700 ірі қара көшірілді», -дейді Абай Әбдіров.