Мамыр айында жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады. Несие әлеуметтік осал топ санатындағы тұрғындарға 7 процентпен, ал қалған санаттағы азаматтар үшін – 9 пайыздық мөлшерлемемен беріледі. Басты шарт - 20 процент алғашқы жарнаның болуы. Кредитті 19 жылға дейін рәсімдеуге болады. Бағдарлама 8 жылға созылады. Министрлік биыл 300 млрд. теңгеге 12 мың ипотекалық несие берілетінін айтты. Бұдан бөлек халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 22 мыңнан астам жалдамалы тұрғын үй салынады.
«НАУРЫЗ» ИПОТЕКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ:
Әлеуметтік осал топ - 7%
Өзге санат - 9%
Алғашқы жарна - 20%
Өтеу мерзімі – 19 жыл
Бағдарлама 8 жылға созылады
Ипотекалық несие – 12 мың
Әлеуметтік осал топ үшін жалдамалы үй – 22 мың