Русский Сайттың толық нұсқасы

Тасқыннан зардап шеккен оралдықтарға 514 млн теңге көмек берілді

Су тасқынынан зардап шеккен оралдықтарға 514 миллион теңге көлемінде бір жолғы әлеуметтік көмек берілді. 6 ауданда 2 мыңға жуық үй бүлінген. Оның 400-і тұруға жарамсыз деп танылды. Баспаналарды жергілікті құрылыс компаниялары қалпына келтіреді. Бұл ауқымды іске «Қазақстан Халқына» қоғамдық қоры да атсалысады. Банктер мен микроқаржы ұйымдары да несие төлеу мерзімін үш айға кейінге шегеруге келіскен. Ендігі мәселе - саяжай тұрғындарына келтірілген залалды өтеу. Әзірге оларға 360 мың теңге (100 АЕК) бір реттік көмек беріліп жатыр. Зардап шеккендер әкімдікке өтініш қалдыра алады.

Тілепберген ҚАЮПОВ, БҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Салынатын жаңа үйлердің жер учаскелері анықталып, геология және топо-түсірілім жұмыстары жүргізілуде. Келесі жылы да осындай су басу аймақтарында төмен орналасқан тұрғын үйлер қайтып сондай шығынға ұшырамасы үшін биіктеу жерлер таңдалып, жаңа үйлерге тұрғындар көшірілетін болады. Тұрған жерден кетпейміз деп қарсылық танытып жатқан тұрғындар бар. Комиссия бар аудан әкімдігі бастаған, ол жерде зиялы қауымдар да тартылып жатыр. Түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.