Аймақтардағы
шағын жанармай бекеттері бірігіп, мұнай базасынан бензин жеткізіп беретін
оператор таңдауы керек. Сонда өнімді делдалсыз алу мүмкіндігі туады. Бұл өз
кезегінде бағаны да реттеуге мүмкіндік береді. Энергетика министрі Қанат
Бозымбаев осылай деп мәлімдеді. Ал әкімшілік жанынан құрылған делдал
операторлар енді болмайды. Министрлік қалыптасқан ескі тасымал жүйесіне өзгеріс
енгізіп жатыр.
Қанат
Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:
Бұл
компаниялар енді болмайды. Тікелей байланыстары осы мұнай өңдеу
зауыттарымен және өңірлік бензин сататын
станциялардың жүйелерімен тікелей байланыстары болады.
Бұған
дейін АИ-92 маркілі бензин аз деп шырылдаған оңтүстіктегі жанармай бекеттерінің
жағдайын көрсеткен едік. Бекет басшылары, энергетика министрлігі өздері
тарапынан бөлінетін жанармайдың көлемін мемлекеттік деңгейде реттесе, деген
өтінішін жеткізген. Сарапшылардың есебінше, аймақтағы 300-дей май құю стансасы
құлдыраудың аз-ақ алдында тұр.