Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда жоғалған 24 жастағы қыз табылды

  • AstanaTV
  • 24 сәуір 2024
  • 227


Ақтауда жоғалып кеткен 24 жастағы Кәмшат Керім аман табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz 

Полиция мәліметінше, Кәмшат үйіне өзі оралған.

"Ол қайда жүргенін айтпады. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 23 сәуірде құқық қорғау органдары мен туыстары 24 жастағы Керім Кәмшатты іздестіріп жатқаны хабарланған болатын. Ол 18 сәуірде жоғалып кеткен.