Биыл мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі қаламгер Әкім Ысқақтың шығармашылығына 50 жыл. Осыған орай Ұлттық Академиялық кітапханада ақынның өнер кеші өтті. Тағлымы мол рухани шарада 30-ға жуық кітабы жарық көрген жазушының тағы да үш еңбегінің тұсауы кесілді. Оқырман қолына енді тиген туындының біреуі ақын Қосжан Мүсірепов туралы болса, қалғаны балаларға арналған. Сондай-ақ әдеби-сазды кеште өнер иесінің әлемінен туған әндері шырқалып, көпшілік қауым көркемсөз шеберінің жырларымен сусындады.
Әкім ЫСҚАҚ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, ЖАЗУШЫ, КОМПОЗИТОР:
Шынымен мен өмір бақи адам іздеп жүрмін, кітабымның аты да “Адам іздеп жүрмін”. Оқырман іздеймін, оқырман мені іздейді. Сондықтан мына бүгін шығармашылығымның 50 жылдығындағы сол бір есеп. Оқырманмен байланыстың бір түрі.
Рысжан ШАМҰРАТОВА, ОҚЫРМА:
Ол кісінің шығармаларының ішіндегі өзекті тұстары: адамдарды жақсылыққа, адамгершілікке, ұстамдылыққа, шыдамдылыққа, сабырға шақыратын қара сөздері. Алтыным деп басталатын сөздерінің астында үлкен бір мағына, мән жататындығы…