Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда қазақ тілін меңгерген өзге ұлт өкілдері көбейген

Павлодарда қазақ тілін меңгерген өзге ұлт өкілдері көбейген. Басым көбі -жастар. Олар қазақ тілін білу әр қазақстандықтың қасиетті борышы деп санайды. Сондай жастардың бірі – Карина Рабе. Ұлты неміс болғанмен, өзін қазақ ретінде сезінеді. Сол үшін де мамандығын да қазақ тілімен байланыстырыпты.

Карина Рабе - неміс ұлтының өкілі. Қазақ тілін өз ана тіліндей жақсы біледі. Оның тілді үйренуіне ата-әжесі себепкер болған. Кішкентайынан қазақ балабақшасына барып, қазақ мектебінде оқып, қазақы ортада өсті. Үйінде әке-анасы, ата-әжесі қазақ тілінде сөйлейді. Түрі басқа демесеңіз жаны қазақ болып кеткен. Өйткені, Каринаның арғы аталары қиын қыстау заманында қазақ елін паналапты.

Карина РАБЕ, СТУДЕНТ:

Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері бір қара шаңырақтың астында өмір сүріп жатыр. Осыған да мың да бір алғыс айтқым келеді Қазақ еліне, қазақ жеріне.

Карина қазір қазақ журналистикасы мамандығы бойынша білім алып жатыр. Қазақ тіліне деген ықыласы оның болашақ мамандығын да айқындап берді.

Карина РАБЕ, СТУДЕНТ:

Қазақ тілі – біздің ұлттық тіліміз. Сондықтан да әрбір қазақ азаматы оны білуге тиіс деп ойлаймын. Өзіме де осындай мақсат қойған едім. Қазақ тілді үйрену, білу оны жетілдіру. Сондықтан да қазақ журналистикасын таңдадым. Ол өзіме жақын деп айтуға болады. Әрбір саланы осы журналистикадан табуға болады деп ойлаймын.

Ал отбасы қазақтың салт-дәстүрлерін ұстанады. Өзі тоғызқұмалақ ойнағанды жақсы көреді. Спортты да жанына серік еткен. Осы елде туып өскен ол "қазақ тілін білу- борышым" деп санайды.