Русский Сайттың толық нұсқасы

ШҚО-да жануарларға екпе жасайтын бірыңғай орталық құрылады

  • AstanaTV
  • 31 қаңтар 2017
  • 2180

Шығыс Қазақстанда жануарларды вакцинациялаудың бірыңғай орталығы құрылады. Көктемнен бастап егу жұмыстары халықаралық талаптарға сай жүргізілмек. Мамандардың сөзінше, бұл мал өнімдерін Қытай мен Еуразиялық экономикалық одақ нарығына экспорттауға жол ашады. Орталықты жабдықтау үшін облыс бюджетінен 40 миллион теңге бөлінген.

Сарапшылар бұған дейін егу жұмыстары дұрыс жолға қойылмағанын айтады. Мәселен, ауру бас көтерген кезде жануарларды қайта егуге тура келетін. Мұның шығыны миллиондап саналады. Енді өндіруші - биокомбинаттар делдалдар көмегінсіз, препараттарды осы орталықтан ала алады. Егер сақтау талаптары ескерілмей, әлдеқандай ақау шыға қалса, ақылды техника кінәрат туралы хабар береді. Ал дәрі-дәрмек арнайы көлікпен аудандарға жеткізіледі. Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, вакцинациалау сарып, аусыл, қарасан кеселдерінің алдын алады.

Асқар Шынтеміров, ШҚО ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

Өнімдерімізді Қытайға экспорттауды көздеп отырмыз. Шаралар басталғанға дейін аспан асты елінен сарапшылар келеді. Сондықтан халықаралық талаптарға күні бұрын икемделіп, жұмыстың жолға қойылғанын көрсеткіміз келеді.