Алматы облысының Балқаш ауданында қамыс өртенді. Өрт орман алқабына тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 19 сәуірде Алматы облысының Балқаш ауданында қамысты өсімдік өртеніп, жалын 31 гектар орман қорына таралған.
"Аталған факт бойынша ішкі істер органдары Қылмыстық кодекстің "Ормандарды жою немесе бүлдіру" деген 341-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Осы баптың санкциясы мүлкін тәркілей отырып, сегіз жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді", - делінген хабарламада.
Өртті сөндіру үшін тікұшақпен жалпы көлемі 387 тоннадан астам 129 су ағызу жұмысы жүргізілгенін атап өткен жөн. Қазіргі уақытта өрт оқшауланды.