Русский Сайттың толық нұсқасы

Абай облысында әкімдік заңсыз қаулы шығарып жіберген

  • AstanaTV
  • 25 сәуір 2024
  • 440

Әкімдік заңсыз қаулы шығарған, - деп хабарлайды Абай облыстық прокуратурасы.

Бородулиха ауданының әкімдігімен жалпы ауданы 4,3 мың га болатын 15 жайылымдық жерді ауданның арнайы жер қорына заңсыз тапсырылған.

Жер заңдарының нормаларына сәйкес жайылым алқаптары бөлек меншiкке және жер пайдалануға берiлмейдi, яғни олар тек халықтың мұқтажына, мал жаюға арналған.

Елдімекендердің жайылымдық жерлерін заңға сәйкес арнайы жер қорына алу оларды кейіннен қайта бөлуді көздейді.

Прокуратура қабылдаған шараларымен аудан әкімдігі шығарған заңсыз қаулы күшін жойды.