Русский Сайттың толық нұсқасы

Бүгін жаңа ипотекалық бағдарламаға өтінім беру басталды

  • AstanaTV
  • 25 сәуір 2024
  • 475

Бүгіннен бастап «Наурыз» жаңа тұрғын үй бағдарламасына өтінім беру басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Отбасы банк» ресми парақшасы Baspana Market жылжымайтын мүлік порталында (otbasybank.kz) «Наурыз» бағдарламасына қатысуға қалай өтінім беру керектігі жөнінде нұсқаулығын жария етті.

Өтінімдерді қабылдау 25 сәуірден 30 маусымға дейін жалғасады.

«Наурыз» бағдарламасының шарттары:

бастапқы жарна 20%;

тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме-7% (ЖЭС 7,3%-дан 8,9%-ға дейін);

азаматтардың барлық санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме-9% (ЖТПМ 9,3%-дан 11,8%-ға дейін);

несие мерзімі 19 жылға дейін.

Алматы, Астана, Шымкент және облыс орталықтарында тек бастапқы тұрғын үй сатып алуға болады. Моноқалалар мен ауылдарда жылына бөлінетін қаражаттың жалпы көлемінің 30%-нан аспайтын қайталама тұрғын үй сатып алуға болады.

Бағдарлама 8 жылға бағытталған. Жыл сайын «Наурыз» бағдарламасына 200 млрд теңге бөлінеді.

Жалпы осы уақыт ішінде Қазақстанның 68 000 азаматын өз тұрғын үйімен қамтамасыз ету жоспарлануда. Биылғы жылы қоныс тойын 12 мың қазақстандық тойлай алады.

Бұдан бөлек өтінім беру уақыты мен күні маңызды емес екенін айта кеткен жөн. Банк салымшылары екі ай бойы «Наурыз» бағдарламасына қатысуға өтінім беруіне болады.