Русский Сайттың толық нұсқасы

Австралияда теңіз жағасына 100-ден астам кит шығып қалды

  • AstanaTV
  • 25 сәуір 2024
  • 355

Австралияның Батыс Австралия штатының жағалауына 100-ден астам пилот-кит шығып қалды, деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.

Қазір жағалау қызметкерлері оларды суға қайтаруға әрекеттеніп жатыр. Дегенмен, жергілікті билік өкілдерінің мәлімдеуінше, теңіз жануарларының 26-сы құтқарушылар жеткенше өліп қалған.

Ғалымдардың айтуынша, ұшқыш-киттер бір-бірімен тығыз байланыста болатын жануарлар қатарынан.

Сондықтан олардың біреуі су жағасына кететін болса, қалғандары да соның соңынан еріп, қиын жағдайға тап болуы мүмкін.