Жаңаөзенде сорғы-компрессорлық құбырлар мен сорғы штангаларын шығаратын зауыт салынады. Инвестицияның жалпы көлемі 17 миллиард теңгеден асады. Құрылыс кезеңінде 150, ал өндіріс басталғаннан кейін үш жыл ішінде 250 жұмыс орны ашылады.
Зауыт бір жарым жылдан кейін іске қосылады деп жоспарлануда. Кәсіпорын мұнай-газ саласының қажеттіліктері үшін жыл сайын 51 мың тонна сорғы-компрессорлық құбыр мен 540 мың сорғы штанга өндіруді жоспарлап отыр. Алғашқы инвестор «Қаскор-Машзавод» ЖШС болса, бағдарламаның бастамашысы «ӨзенМұнайгаз» кәсіпорны.
Бағлан КЕНБЕИЛОВ «АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Жалпы қосылатын жер учаскесі, 280 гектар. Сол 280 гектар аясында, осы компания жобасы орналасатын болады.
Соңғы бес жылда Маңғыстау облысының негізгі капиталына 3,6 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Биыл жыл соңына қарай жалпы сомасы шамамен 160 млрд теңгеге тағы 14 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Жаңадан ашылатын жұмыс орындарына, Жаңаөзендіктер оқыту курстарын аяқтап, үш жыл ішінде жұмысқа орналасады
Нұрлан НОҒАЕВ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Қызметкерлердің әлеуметтік жағдайлары, қаражаттарының жақсаруына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына, салықтық базаның теңеюіне үлкен ықпал етеді.
Сондай–ақ «ӨзенМұнайгаз» кәсіпорны мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаңа спорт клубын ашты. Онда 17 секция жұмыс істейді.
Құралбек СЕЙІТОВ "АЛҒА" МҮГЕДЕКТЕР СПОРТ КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Штанга бар, жүзу бар бәріміз жан-жақта жүреміз. Тренер жағыда қалып қойған. Жан-жақта жүрдік, қазір басымыз ұштасып, енді арқа-жарқа болып отырмыз деп айта аламын.
"Алға" спорт клубында бүгінде 100-ге жуық адам спортпен шұғылданады. Олардың қатарында республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін чемпиондары да бар. Сондай-ақ, өткен жылы Маңғыстаудан шыққан спортшылар түрлі жарыстарға, соның ішінде Паралимпиада және Азия ойындарына қатысып, 2024 жылы Парижде өтетін алдағы Паралимпиада ойындарына іріктеуден өтті.