Русский Сайттың толық нұсқасы

«Жастар Рухы» белсенділері тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға көмектесіп жатыр

Тосыннан келген топан су Тобыл өңіріндегі тоғыз жүзге жуық үйге зиян келтірді. Арнайы комиссия 561 баспананың қайта жөндеуге келетінін мәлімдеді. Тасқыннан кейін қара шаңырағына оралған тұрғындар біртіндеп баспанасын қалыпқа келтіру қамына кірісті.Ал қарт тұрғындарға «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» ұйымы көмекке келді.Ерікті топ Алтынсары елдімекеніндегі тасқыннан зардап шеккен адамдарға қол ұшын созды. Белсенділер тұрғын үйлердің ауласын тазартып,еденін сыпырды. Қарғын сумен келген қалың қоқысты сыртқа шығарды.

Еркеназ ЕСЕМБЕТ, ЕРІКТІ:


Алтынсары ауылындағы қарт әжелердің, жалғыз тұратын тұрғындардың үйлеріне келіп өз көмектерін көрсетуде.Жалпы бұл жерде жастар заттарды шығарып, оларды тазалап, үйлердің ішін түгелімен қоқыстан тазартуда.