$443.03 €480.38 ₽4.91
×

Атырауда жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады

AstanaTV
25.04.2024ж. 23:16
711
Атырауда жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады

Атырауда жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады. Жол апатынан бір адам зардап шекті, ол облыстық ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды AtyrauPress.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, бүгін сағат 10:15-те Құрманғазы көшесі мен Сұлтан Бейбарыс даңғылының қиылысында Daewoo Bus және Hyundai Accent көліктері соқтығысты.

№22 бағыттағы қоғамдық көліктің жолаушысы ауруханаға жеткізілді.