Русский Сайттың толық нұсқасы

Гимнастикадан екінші жолдама

  • AstanaTV
  • 26 сәуір 2024
  • 252

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасының екінші жолдамасына қол жеткізді. Катар астанасы Дохада өткен әлем кубогінің шешуші кезеңінде Нариман Курбанов гимнастикалық ат снаряды бойынша Париж лицензиясын иеленді. Токио ойындарына бір қадам жерден қайтқан Нариманның бұл жетістігіне барша жанкүйер қуануда. Себебі, талай мәрте әлем кубогінде топ жарып, құрлық додаларында оза шапқан Курбановтың Олимпиадаға ғана жолы түспей тұрған. Одан бөлек, Катар төрінде Милад Карими де алтыннан алқа тақты. Olympic.kz гимнастардың жетістігіне шолу жасап көрді.