30 сәуір күні елімізде алғаш рет 10 республикалық телеарнаның тікелей эфирінде «Біз біргеміз» жалпыұлттық телемарафоны өтеді. Онда басты кейіпкерлер табиғи апат кезеңінде батылдық танытып, өз өмірі мен денсаулығын қауіп-қатерге тіге отырып қызметі мен азаматтық борышын абыроймен атқарған азаматтар болады. 5 сағаттық тікелей эфирде тасқын басқан аумақты көзбен көріп, табиғи апаттан зардап шеккендердің жан тебірентер оқиғалары мен табиғи апат аймақтарынан репортаждар көрсетіледі. Сондай-ақ ресми орган өкілдері өңірлердегі мемлекет қабылдап жатқан шаралар туралы есеп береді. Телемарафон «Qazaqstan», «Хабар», «Jibek Joly», «Еуразия», «КТК», «31 арна», «Atameken Business», «Astana», «7 арна» және «Almaty » телеарналарынан көрсетіледі.