«Сындарлы сәтте қол ұшын беруге дайынбыз». Қызылордалық этнос өкілдері су басқан аймақтардағы тұрғындарға көмектерін аянып қалып жатқан жоқ. «Күшіміз бірлікте» акциясына аймақтағы корей орталығының өкілдері де үлес қосты. Олар азық-түліктен өзге резеңге етік, құрал-саймандар, дәрі-дәрмек, гигиеналық заттар дайындаған. Бұған дейін де гуманитарлық көмек дайындалып, төсек-жабдықтан бастап, азық-түлік қоры Ақтөбе облысына жіберілген болатын.
Денис ПАК, ОБЛЫСТЫҚ КОРЕЙ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Осындай сындарлы сәтте жұдырықтай жұмылуымыз керек. Мұндай апаттан ешкім сақтандырылмаған. Бір кездері қазақ жері корей ұлтын құшақ жая қарсы алды. Оны біз ешқашан ұмытпаймыз. Құрметтейміз.