Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сарапшылық кеңесiнiң кеңейтiлген отырысы өтті

  • AstanaTV
  • 03 наурыз 2016
  • 1292

Қазақстан халқы Ассамблеясының басты мiндетi - «Мәңгiлiк ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы негiзiнде қазақстандықтардың бiрлiгiн нығайту. Ассамблея төрағасының орынбасары  Ералы Тоғжанов  осылай дейді. Айта өтейік, бүгін Ассамблеяның ғылыми-сарапшылық кеңесi кеңейтiлген отырыс өткізді. Оған өңір-өңірлерден делегаттар келіп, өзектi мәселелер төңірегінде баяндамалар жасады. Жиын барысында «Болашағы бiртұтас ұлт» реформасының шеңберiнде төрт заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлгенiн,  «Қайырымдылық туралы» арнайы заң қабылданғаны да айтылды. Сондай-ақ, күні кеше тұңғыш рет мерекеленген «Алғыс айту» күнiнің  қазақстандық бiрегейлiктi нығайтудағы мәнiне назар аударылды.

 Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА