Ресей
валютасының құнсыздануына ешбір негіз жоқ. Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаевтың пікірі осылай. Депутаттың айтуынша, әлемдегі мұнай құны Ресейдің биылғы жылға бөлінген орташа
есебінен әлдеқайда жоғары. Әшімбаев "рубль девальвацияға ұшыраса да, біздің елге оның айтарлықтай әсері жоқ" дегенді де қоса кетті.
Мәулен
Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің
депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:
Мұнайдың бағасы 55 доллардың төңірегінде,
сондықтан олардың кірістері көп. Мұнайдан түсетін салықтар болады, басқа
төлемдер болады, Ресейдің экономикасы нағыз бір девальвация болуына мен негіз
көріп тұрған жоқпын.
Күні
кеше «Коммерсант» басылымы Ресей қаржы министрілігінің рубльді 10 пайызға
құнсыздандыру туралы ұсынысын жариялады. Ведомствоның есебіне сәйкес, қазір
рубльдің құны доллармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары бағалануда. Айта
кетейік, Ресейде 1 АҚШ доллары 60 рубльге тең. Ал төл теңгеміздің долларға
шаққандағы бағамы бүгін 324,47 теңгені құрады.