Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда бастауыш сынып мұғалімін өлтірді деген күдікті ұсталды

  • AstanaTV
  • 27 сәуір 2024
  • 193

Қазіргі уақытта күдікті соттың санкциясымен қамауда отыр.

Орал қаласында полицейлер бастауыш сынып мұғалімін өлтірді деген күдіктіні ұстады. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ер адам 25 сәуірде жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында ұсталды. Күдікті бұрын сотталған Орал қаласының тұрғыны болып шықты.

«Қазіргі уақытта күдікті соттың санкциясымен қамауда отыр. Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Еске сала кетейік, 25 сәуірде Орал қаласында бастауыш сынып мұғалімі Надежда Никитина өз пәтерінде өлі күйде табылған болатын.