Русский Сайттың толық нұсқасы

Конституцияның 26-бабында жер туралы сөз қозғалмаған - заңгер

  • AstanaTV
  • 01 ақпан 2017
  • 2924

Ғаламторда қызу талқыланған Конституцияның 26-бабына қатысты заңгерлер түсінік берді. «Қазақстан республикасының азаматы» деп басталатын тармақ «әркім» деген сөзге ауыстырылған соң, халық арасында түсініспеушілік туындаған. Бұдан кейін "Қазақстанның жерін әркім жеке меншігіне алуға құқылы" деп ұққандар көп. Алайда Азаматтық-құқықтық институттың директоры бұл теріс пікір екенін дәлелдеп, түсіндіріп берді.

Төлеш Қаудыров, азаматтық-құқықтық зерттеу институтының директоры:

Әрбіреу деген сөз жаңа пайда болған. Ол нені білдіреді? Ең бірінші, ол азаматтық айналымның субъектілердің көптігін білдіреді. Мына Конституцияның 26-бабында да жер туралы ешқандай әңгіме жоқ. Жер туралы ешқандай норма енгізілмейді. Жер туралы норма Конституцияның 6-бабында бөлек реттелген.