Атыраудағы жол апатынан мопед жолаушысы қайтыс болды деп хабарлайды AtyrauPress.
Құрманғазы-Луговая көше қиылысында 1979 жылы туған жүргізушінің тізгініндегі Toyota Ipsum автокөлігі солға бұрылу кезінде қарама-қарсы келе жатқан 2008 жылы туған жасөспірім тізгіндеген мопедке соқтығысып, жол апаты болды.
Өкінішке қарай, 2006 жылы туған мопед жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды.
Қазір тиісті іс-құжаттар жинақталып жатыр.