Алматы қаласы мәслихатының депутаттары арасында шахматтан сайыс өтті. Бұл «SENAT OPEN» турнирінің ашық кубогінде 100-ге тарта қала тұрғыны мен қоғамдық кеңес мүшелері сынға түсті. Нәтижесінде 25 үздік іріктелді.
Шахмат федерациясының қолдауымен өткен «SENAT OPEN» турнирі
депутаттар арасында алғаш рет ұйымдастырылды. Бұл -әзірге іріктеу кезеңі. Қатысушылар қатарында қалалық мәслихаттың қазіргі депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері бар. 2007 жылы мәслихат депутаты болған Қанат Ускенов те басты орынға таласты.
Қанат УСКЕНОВ, ЭКС-ДЕПУТАТ:
Ондай ойын болған жоқ бізде. Депуттатарды жинап, шахмат ойнайды деген. Әрине, шахмат деген сөз миды жаңартады. Сондықтан жақсы ойлайсың да, жақсы ойнайсың. Мынаны мен ойлап отырмын, жылда-жылда осылай ұйымдастыру керек. Мінеки, бүгін қаншама адам келіп жатыр. Мінеки он жыл, он бес жыл көрмеген адамдарды көріп отырмын. Жүрегім лүпілдеп отыр, сағыныш болып жатыр.
Сайыс нәтижесінде ең мықты 25 шахматшы іріктелді. Олар тамыз айында Алматыда өтетін облыстық іріктеу турниріне қатысады.
Мейіржан ОТЫНШИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ:
«Сенат кубогы» деген шахматтан жарыс өткізіп жатырмыз. Бұл жерге барлық шақырылымдағы менат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, журналистер шақырылған болатын. Сонымен қатар біздің қаладағы белсенді ардагерлеріміз шақырылды. Жалпы бұл өзі үш турдан құрылатын турнир болып табылады.
Облыстық турнирдің жеңімпаздары республикалық кезеңге өтеді. Ол күзде Астанада өтеді деп жоспарланған. Айта кетейік, «SENAT OPEN» ашық қалалық турнирінде журналистер де бақ сынады.