Жамбыл облысында күн күрт суытты. Алатаудың бөктеріндегі елдімекендерге қар жауды. Бір-ақ сәтті жасыл желек ақ көрпе жамылды. Жуалы ауданының дихандары еткен еңбек, төккен тер зая кетіп, көкөністер мен жеміс жидектерді үсік шалады ма деп уайымдап қалды. Дегенмен, жауған қар көп жатпай тез еріп кетті. Бірақ қардың ызғарынан қара суық болды. Ауыл шаруашылығының мамандарының айтуынша, қорқатын ештеңе жоқ. Ал жауынның көктемгі дала жұмыстарна пайдысы зор дейді.
Тұңғыш ЖАНҰЗАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Мына көктемнің мезгілінде қардың жаууы әрине, жеміс-жидектерге ұзақ жатқан жағдайда жеміс-жидек мына егіліп жатқан егістерге зиянын тигізіп, үсік жүруі мүмкін еді. Енді ондайдан қазір зиян келіп жатқан жоқ. Фактылер жоқ ондай. Бірақ енді керісінше жауынның жиі болуы көктемгі дала жұмыстарына егістерге өз пайдасын тигізіп жатыр.