"Таза Қазақстан" акциясы Жамбылда жалғасты. Шара аясында 500-ге жуық қарағаш, ерен, терек, шырша көшеті егілді. Сондай-ақ, 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ, мыңнан аса аула, 8300 су қоймасының ауласы тазартылды. Шараға 27 мыңға жуық жамбылдық қатысты.
Жасұлан МОЛДАБАЕВ, "ЖАСЫЛ ЕЛ ТАРАЗ" ЖШС БАС АГРОНОМЫ:
Тараз қаласы аумағына 40 мың дана тала көшеттерін отырғызу жоспарланған. Соның ең үлкені 20 мың ағашы қаламыздың жасыл белдеуі бойынша Қызылабат, Көлтоған шағын аудандар жағына отырғызылды. Ол жерде суғару жүйесін жүргізіп жатыр. Мына жақта да 15 мкр да суғару жүйесі жүргізіледі. Көгал себіледі.