Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысында көпір жақтауында салбырап тұрған ер адам құтқарылды

  • AstanaTV
  • 29 сәуір 2024
  • 686

Павлодар облысында полицейлер мас күйдегі адамды суицидтен құтқарды.

Полицияға "теміржол көпірінде ер адамның салбырап тұрғаны" туралы қоңырау келіп түсті. Дереу оқиға орнына автопатрульдердің экипаждары жіберілді. Ер адамның мас күйде екені анықталды.

"Біз дереу құтқару шараларын қабылдадық. Оның тағдыры бірнеше секундта шешілетін болды. Көпірден ер адамды тартып алу мүмкін емес екенін түсіндік. Сондықтан біз тросты алып, оның көмегімен павлодарлықты қоршаудан алып шықтық. Адамды құтқару кезінде бізде бір мақсат болды – оның өмірін сақтап қалу", – сол күнгі оқиғамен патрульдік полиция батальоны взводының командирі Еркебай Өтегенов осылай бөлісті.

Полицейлер жедел жәрдем көлігін шақырып, ер адамды дәрігерлерге тапсырды. Полицейлердің уақытылы және сауатты әрекеттерінің арқасында адамның өмірі сақталды. Тәртіп сақшыларының өздері өз әрекеттерін адамды құтқару міндетіміз деп санайды.