Олимпиадаға жолдама беретін соңғы іріктеу турниріне қатысатын қазақстандық балуандар белгілі болды. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтында жарияланды, - деп жазды S-Sport телеграм каналы.
Күрес түрлерінен соңғы іріктеу турнирі Ыстамбұлда 9-12 мамыр аралығында өтеді. Бұл жарыста әйелдер күресінен Қазақстан намысын қорғайтын балуандар тізімі мынадай:
50 кг: Лаура Ғаниқызы
53 кг: Марина Седнева
57 кг: Лаура Алмағанбетова
62 кг: Ирина Кузнецова
68 кг: Елена Шалыгина
76 кг: Эльмира Сыздықова
Қазір Қазақстан қоржынында әйелдер күресінен Париж Олимпиадасының бірде-бір жолдамасы жоқ.