Русский Сайттың толық нұсқасы

"Егер саяжай бүлінсе, ол жалғыз тұрғын үй болса, ол да мемлекет тарапынан өтелетін болады", - Қанат Мыңбаев.

  • AstanaTV
  • 30 сәуір 2024
  • 898

«Біз біргеміз!» жалпыұлттық телемарафонында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Мыңбаев су тасқынынан зардап шеккен тұрғын үйлерді өтеу жолдарының нақты механизмдеріне тоқталды.

Қазіргі таңда 3 механизм бар. Оның бірі – зардап шеккен тұрғын үй жарамсыз болып танылған жағдайда жаңа тұрғын үй салу. Екіншісі қолданыстағы тұрғын үйді жөндеу жұмыстары немесе сол өңірден тұрғын үй сатып алып беру механизмі. Егер саяжай бүлінсе, ол жалғыз тұрғын үй болса, ол да мемлекет тарапынан өтелетін болады, - деді Қанат Мыңбаев.

Айта кетейік, Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Біз біргеміз» ұлттық телемарафоны алғаш рет 10 республикалық телеарнадан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр. 5 сағаттық хабар су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтар және қызыл су зардабымен күрескен құтқарушылар, еріктілер, дәрігерлер, бейжай қалмаған тұрғындар жайлы болады.