Русский Сайттың толық нұсқасы

Кубада қолма-қол ақша жетіспей жатыр

  • AstanaTV
  • 01 мамыр 2024
  • 953

Кубада қолма-қол ақша жетпей жатыр. Салдарынан банкомат алдында ұзын-сонар кезек пайда болған,-деп хабарлайды 24.kz.

Сарапшылар бұған бюджет тапшылығы мен қымбатшылық себеп дейді.

Ресми мәлімет бойынша аралда былтыр инфляция деңгейі 31 пайызға жеткен. Бірақ сарапшылар көрсеткіш бірнеше есе көп болуы мүмкін деп отыр.

Қолма-қол ақша тапшылығының тағы бір себебі банктерге ақша қайтармау оқиғаларының жиілеуі. Өйткені кәсіпкерлер тауардың көбін сырттан импорттайды.

Сол үшін ақшаны доллармен ұстайды. Кейіннен оны қара нарықта песоға аударып, банкке қайтармайды.