Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазгидромет 2 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды

  • AstanaTV
  • 01 мамыр 2024
  • 964

Кейбір өңірлерде дауылды ескерту жарияланды.

1-2 мамырда Жетісу, Жамбыл облыстарында, 1-3 мамырда Алматы облысында қатты жауын-шашын жауу ықтималдығына байланысты тау және тау етегіндегі аймақтарда беткейлік ағындының қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, солтүстікте, шығыста, орталықта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, найзағай, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта-бұршақ, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста-дауыл, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, батыста шаңды дауыл, солтүстікте – тұман болады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысында, Ақмола, Қостанай облыстарының батысында, солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, Павлодар облысының шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының солтүстігінде 1-6 градус үсік күтіледі,