Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде тұрғындарға қоқыс тастайтын аумақтан жер учаскелері берілген

Ақтөбеде қоқыс тастайтын аумақтан тұрғындарға жер учаскесі берілген. «Рауан-2» елдімекенінің жұртшылығы енді тау болып үйілген қалдықтың кесірінен баспана сала алмай отыр. Ал амалсыздан үй салып алғандар қолқаны қабатын иіске тұншығып отырғандарын айтады.

«Рауан-2» алабынан тұрғындарға жер учаскелері 2017 жылы беріле бастаған. Қазір бұл жерде жүз елуден астам үй бар. Тұрғындар қала шетінде таза ауамен тыныстап, рахат өмір сүреміз деп армандаған. Сөйтсе бұл жер қоқыс тастайтын орын болып шығыпты.

Бақытбек НАҒЫПБЕКОВ, ТҰРҒЫН:

Камаздар келіп төгіп кетеді. Газелдер келіп төгіп кетеді дейді. Былай қарай созылып жатыр енді бұл. Бір километрден астам жерге созылып жатқан шығар. Ескі мусорлар бар, шөп өсіп кеткен үстіне.

Сәрсен БАЙБАҚТИН, ТҰРҒЫН:

Үй сала алмайды адамдар. Мына мусордың барлығы бізге қарай ұшады. Біріншіден жағалай әрі қарай мусор жалғасып жатыр. Мұны қазір алмаса, қадағаламаса біздің қолмыздан келмейді. Ешкім тұра алмайды.

Шенділер мәселеден хабардар. Қалада осындай заңсыз пайда болған жиырмаға жуық орын анықталыпты. Ал бұл жердегі қоқыс көлемі 10 гектар жерге дейін созылып кеткен.

Дархан ТІЛЕУОВ, АЛМАТЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қаражат бөлінді, 239 миллион. Қазір конкурстық рәсімдер жүріп жатыр. Он алты мердігер қатысып жатыр оған. Қазіргі таңда ДВК дейміз ғой. Департамент внутренного контроля обжалованиені қарастырып жатыр. Содан кейін мердігер анықталғаннан кейін келер аптаға ол жұмыстарды бастайтын боламыз.

Проблеманы жауаптылар бір айдың көлемінде шешуге уәде беріп отыр. Сонымен қатар, бұдан былай бұл жерге қоқыс төккендерге қомақты айыппұл салынатынын ескертеді.