Русский Сайттың толық нұсқасы

25 градус жылы болады

  • AstanaTV
  • 03 мамыр 2024
  • 418

Бүгін Алматыда күн ала бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 22 градусқа дейін көтеріліп, түнде 8 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,4 м/с болмақ.

Астанада синоптиктердің болжамынша, жаңбыр болады. Күндіз ауа температурасы 12 градусқа дейін жетіп, түнде 3 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 5,3 м/с болады.

Шымкентте бүгін күн ала бұлтты болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 25 градусқа дейін жетіп, түнде 12 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 7,0 м/с деңгейінде болмақ.