Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауғанстаннан Қазақстан арқылы Еуропа елдеріне героин тасығандар анықталды

  • AstanaTV
  • 03 мамыр 2024
  • 447

ҰҚК жедел жете тексеруі барысында Ауғанстаннан Қазақстан аумағы арқылы Еуропа елдеріне героин контрабандасының қолданыстағы арнасы анықталды, - деп хабарлайды  ҰҚК баспасөз қызметі.

Комитет шетелдік серіктестермен және Германияның құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, халықаралық есірткі синдикаттарының бірінің дамыған желісін анықтады. Жете тексерудің соңғы кезеңі Германияда 60 кг апиын мен 12 кг метамфетаминді тасымалдау кезінде екі шетелдікті ұстау болды.

Германияның құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Биыл ақпан айында басқа жете тексеру шеңберінде трансұлттық есірткі құрылымына қатысушылардың ауған есірткілері контрабандасының кезекті халықаралық арнасын ұйымдастыру ниеттері әшкереленді.

Есірткі тізбегінің барлық буындарын жою мақсатында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының үйлестіруімен еуропалық серіктестермен өзара іс-қимыл ұйымдастырылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде есірткі арнасының негізгі ұйымдастырушысы – Испания азаматы ұсталды, одан Қазақстан арқылы Ауғанстаннан Еуропаға жеткізілген 10 кг метамфетамин алынды.

Еуропада алынған есірткінің нарықтық құны 2.5 млн АҚШ долларынан артыққа бағаланып отыр.