Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде 13,5 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді

Елімізде 13 жарым мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді. Еңбек мигранттарының дені Түркия, Қытай, Өзбекстан, Үндістаннан келген. Олар қай салаларда еңбек етіп жатыр? Тілшіміз айтады.

Uche Njoku Астана қаласындағы мектептердің бірінде ағылшын тілінен сабақ береді. Оның Африкадан келгеніне екі жыл болыпты. Айтуынша, шетел азаматтары үшін, Қазақстанға келіп жұмыс істеуге жол ашық.

Uche NJOKU, АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

Қазақстанды таңдауымның себебі ағылшын тілі мұғалімдеріне сұраныс бар екенін байқадым. Қазақстанда көптеген адамдар балаларының ағылшын тілін шет тілі ретінде үйренуін қалайды. Сондықтан мұғалімдерге үлкен қажеттілік бар. Бұл осында келуіме себеп болды. Балалардың ағылшын тілін жетік меңгеруіне өз үлесімді қосқым келеді.

Мигранттардың басым көпшілігі құрылыс, тау-кен өнеркәсібі, балық шаруашылығы, ғылыми және техникалық қызмет саласында жұмыс істейді. Айта кетерлігі шетел азаматтарына белгіленген 20 мыңнан астам квота жыл сайын қысқаруда.

Ерлан РАЙҒАНИЕВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

22 мың квота белгіленді. Өткен жылмен салыстырғанда 1% болып табылады. Не болмаса 250 бірлік күшінде қысқартылған. Жыл сайын бұл квота қысқартылуда. Өйткені мемлекет басшысы сайлауалды бағдарламасында шетелдік жұмысшылардың квотасын қысқарту міндеті алдымызда тұр.

Елімізде 450 мың Қазақстан азаматы жұмыссыз болып тіркелген. Солар жүргенде, өзге мемлекеттен келетіндер не істеп жатыр деген сұрақ тууы мүмкін. Алайда, сарапшылар шетел азаматтарының келуі отандастарымызды жұмыссыз қалдырады деген сөз емес дейді.

Сапарбай ЖҰБАЕВ, ЭКОНОМИСТ:

Шетелден 13000 адамды ресми шақырғанымыз. Біздің 500 мың жұмыссыздарымызға әсер етеді деу ешқандай қисынға келмейтін әңгіме. Шетелдік мамандарды шақыратын болса оны қолдауымыз қажет. Ешқандай қарсылық көрсетпестен. Өндіріс ашылатын болса 90-95% шетелдіктер жұмыс істейді деген талап бар. Сол талапты бұзбаса болды.

Биыл көші-қон заңын бұзғаны үшін 9800 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 мың адам елден шығарылған. Заңды бұзғандардың басым бөлігі – Өзбекстан азаматтары. Жыл басынан бері Өзбекстанның 1 млн 73 мың азаматы елімізге келсе, 982 мыңы елден шығарылған.