Жаңа Мәскеудегі "маймылдар планетасы" жеке хайуанаттар бағында маймыл мен екі лейлектің өлекселері табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәскеу қаласы прокуратурасының Telegram каналының 3 мамырдағы мәліметтері бойынша, жануарлар ұзақ уақыт бойы тамақтандырылмаған. Аштықтан олар жеуге жарамсыз заттармен, соның ішінде резеңке қалдықтарымен қоректенген. Нашар күтімнің салдарынан жануарлар арасында пневмония тараған.
"Сондай – ақ, тиісті ветеринарлық бақылау жүргізілмеген, нәтижесінде олардың арасында әртүрлі аурулар, соның ішінде дененің қатты сарқылуы мен пневмония тараған", - делінген хабарламада.