Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының мүшесі Айбота Ертайқызы Ташкенттегі Азия біріншілігінде чемпион атанды, - деп жазды S-sport телеграм каналы.
Қазақстандық спортшы таспамен жаттығуда көш бастады. Төрешілер оның өнерін 32,90 ұпайға бағалады.
Күміс жүлдені өзбектандық Тахмина Икромова, қоланы жапондық Рейна Мацусака еншілеген.