Шымкентте полицияға жүгінген қыздарға тәртіп сақшысы шабуыл жасаған. Оқиға бейне бақылау камерасына түсіп. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Shymkent.online парақшасында жариялаған жазбаға сәйкес екі қыз көшеде жігіттер күшпен ұстап отырған қызды байқаған. Қыздың көмек сұрағанын естіген олар полицияға қоңырау шалыпты. Алайда қыздардың біріне белгісіз нөмірден қоңырау шалып, полиция бөліміне келуді сұраған.
“Сәлден кейін полиция формасын киген ер адам келген. Ол құжат та ұсынбаған, өзін де таныстырмапты. Қыздар бұл жағдайды видеоға түсірмек болыпты. Бір сәтте полиция формасындағы ер адам ашуланып, қыздардың біріне шабуыл жасаған”, – делінген жазбада.
Анықталғандай көмек сұраған қызды ағалары күшпен ұстап отырған. Олар бойжеткенді үйіне алып бармақ болған. Расталмаған ақпаратқа сәйкес бойжеткен оқу оқиды әрі жұмысы бар екен. Ал анасы оған қол көтеретінін айтқан.
Қыздар полицейдің әрекетіне қатысты шағым жазбақ болғанда белгісіз нөмірлерден қоңырау түсіп, жағдайды “жақсылықпен” шешуді ұсынған. Аталған дерекке қатысты Шымкент полиция департаменті пікір білдіріп, тәртіп сақшысына қатысты тексеріс басталғанын мәлімдеді.