Русский Сайттың толық нұсқасы

Уругвай астанасында Қазақстанның құрметті консулдығы ашылады

  • AstanaTV
  • 06 мамыр 2024
  • 1239

2024 жылғы 6-10 мамыр аралығында ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаровтың Уругвай мен Бразилияға сапары өтеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

«Уругвайға сапар аясында Сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялардың бірінші раундын өткізу, Монтевидеода Қазақстанның құрметті консулдығын ашу және Астана мен Монтевидео арасындағы саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында Уругвай парламентінің сенаты мен өкілдер палатасының депутаттарымен кездесу жоспарлануда», - деді А. Смадияров министрліктің апталық брифингінде.

Сонымен бірге, Қ. Омаров Уругвайдың бизнес топтарының өкілдерімен дөңгелек үстел жұмысына қатысады.

Латын Америкасы энергетика ұйымының және Латын Америкасы интеграция қауымдастығының басшылығымен кездесулер өткізеді.