Русский Сайттың толық нұсқасы

«Сырттағы жабайы сауда бізге келетін кірісті күрт азайтты», - саудагер

«Сырттағы жабайы сауда бізге келетін кірісті күрт азайтты». Осылай деген Алматыдағы Көк базар саудагерлері наразылық білдірді. Айтуларынша салық пен орынға ақы төлемейтін бәсекелестерінің кесірінен табыстан қағылып отыр. Мәселенің мән-жайын тілшіміз білді.

Базардың іші мен сыртындағы саудагерлері жаға жыртысуға дейін баруда. Айнұр Сулимова сырттағы жабайы сауда салымызды суға кетірді дейді. Табыстары тұралап, күн көрістері қиындапты.

Айнұр СУЛИМОВА, САУДАГЕР:

Бұл Зеленый базар деген аты болмаса, базардың ішіне адам кірмейді. Мына сыртта тұрған жаңағы әкімнің местасы деп, арттарында тіреуі барлар, жайып алады, айқайлап бізге шантаж жасап. Жеті баланың анасымын. Менде бір емес, үш студент бар. Үш балам оқиды, садикке барады. Осы бала-шағамды зеленый базармен күнімді көріп отқам. Қазір сауда вообще жоқ. Сыртта жан-жақтың бәрі далаға шығып, места қойып алған.

Шынар МУШТАЕВА, САУДАГЕР:

Олар айтып жатыр ғой бізге орындарыңды босатыңдар, біз кіріп сатайық деп айтып жатыр. Осыдан былтыр ма алдыңғы жылы ма бұл кісілердің барлығы ішке кіргіздірген. Бәріне орын берген, содан біз бұл саудаға шыдамаймыз, не деген сауда бұл деп, бұл жерде сатпаймыз біз деп бәрі қайтадан далаға шығып келіп алды. Полиция келеді, қуалайды, бұлар қашады. Ақшасын бере ме білмеймін ғой, қайтадан тұрады.

Ал сыртта сауда жасайтындар іште орын жоқ дейді. Сауда жасап отырған жерлері үшін салық төлеп, қыста аязға тоңып, жазда ыстыққа шыдап күндерін көріп жүргенін айтады.

Жанна КӘКЕНОВА, САУДАГЕР:

базардың ішіндегі әйелдерге жағдай жасап бергенғо. Қыста жылы жер, жазда кондиционері бар, туалеті ішінде. Оларға не керек енді. Олар просты бір-бірімен арпалысып отыр. Сатып алдығо, жарысып сатып алды, сол орындарды. Енді кеп дала деп...

Сырттағы саудагерлер бұрын іштен орын алуға тырысқанын айтады. Бірақ бағасы өте қымбат болып, қол жеткізе алмаған.

Ләззат ЖҮНІСОВА, САУДАГЕР:

Біз бардыққой, мынаның барлығы барды. Сол кезде бір метрің 5 млн деді. Ол 5 млнды оаған бергенше... еще ай сайын 27 000 теңге несін төлейсің метріне.

Назира ТОҚТАРБАЕВА, САУДАГЕР:

Қай жерде іште орын бар, қай жерде іште орын бар? Кіріп көргенбіз орын жоқ. Бізде ИП бар. Бізде үкіметке налог төлеп отырмыз..

Базардың басшылығы болса сауда орнының сыртқы жерлеріне өздері тиесілі еместігін айтып, әкімшілік жауапты деді.

Қайрат ТҰРАРОВ, МЕДЕУ АУДАНЫ КӘСІПКЕРЛІК ПЕН ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Жергілікті атқарушы органдар белгіленген орындардан тыс жерлерде бөлшек сауданы жүзеге асыруға тыйым салынады. Осылайша Медеу ауданы әкімдігі аудандық полиция басқармасымен бірлесіп, күн сайын Көкбазарда заңсыз сауданы болдыртпау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Жыл басынан бастап 120-дан астам айыппұл жазылып, тәртіпбұзушыларға ескерту берілді.

Әркімнің өз уәжі бар. Дегенмен, заңды белден басуға болмайды. Жауаптылар бұл бағыттағы жұмыстар күшейтілетіндігін ескертті.