Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада тапанша көрмесі өтуде

"Атыс қаруы: тапанша тарихы". Осындай атаумен Елордада тапанша көрмесі өтуде. Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылған шарада соғыс ардагерлері жайлы тың деректер айтылады. Сондай-ақ 18 ғасырдың аяғынан бүгінге күнге дейінгі тапаншалардың тарихы мен дайындау техникасы таныстырылуда. Көрмеге 27 қару қойылған. Оларды еліміздің зиялы қауым өкілдеріне өзге мемлекеттердің басшылары мен танымал тұлғалары сыйға тартқан. Көрме 1-ші маусымға дейін жалғасады.

Ботагөз ҚАЙЫПОВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІК ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Сіздердің назарларыңызға 3 бөліктен тұратын көрме жәдігерлердің арқасында, өте ерекше, жүректі тебірентетін, Ұлы отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерліктері туралы жан-жақты әңгімелеп беретін жәдігерлерден құралған болатын. Соның барлығы көрерменнің қызығушылығын танытады деп ойлаймын.