Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай облысында жер опырылып шұңқыр пайда болды

  • AstanaTV
  • 07 мамыр 2024
  • 1032

Қостанай облысы Қарасу ауданына қарасты ауылда топырақ опырылып, шұңқыр пайда болды.

Оны тұрғындар  видеоға түсіріп, кадрларды "Наша газета" редакциясына жіберген.

Аудан әкімдігі шұңқырдың табиғи әсерден пайда болғанын растады:

"Ауыл шаруашылығы алқаптарында 2023 жылдың күзінен бастап жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, сондай-ақ ағыстың тасуы салдарынан көлемі 3х4 метр, тереңдігі 10 м-ге дейін шұңқыр пайда болды. Оған қоса, жер асты суларының деңгейі көтерілді. Осыған байланысты жердің шөгуі орын алды",- деп хабарлайды Қостанай облысының әкімдігі.